Меню KDT

Жаңалықтар

 

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді

Қазіргі уақытта Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оған базалық және ортақы зейнетақылар, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемдері кіреді.

Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға 2024 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - зейнетақыларының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей тәуелді болатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу туралы айтып береді.

Іс-шараға қатысушылар ЖМЗЖ мөлшері неге байланысты болатынын, сондай-ақ, жұмыс берушіге жүктеменің қалай теңгерілгенін және ол үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылғанынан хабардар болады. Қор қызметкерлері ЖМЗЖ-ны қалай дұрыс және нақты кім үшін төлеу керектігін, сондай-ақ, жарналардың басқа түрлерінен қандай айырмашылығы бар екені туралы түсіндіреді.

Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Аталмыш шара Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялауға тартылған жұмыс берушілерге де, журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.



Просмотров: 24

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда108
  • Осы аптада26
  • Кеше4
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки