Меню KDT

Гимназияның тарихы

 

Біздің гимназия тарихы 1967 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алады. Қарағанды қаласы, Ленин ауданының 4 ықшамауданында №97 орта мектеп ашылды.

Алғашқы директоры Чапурина Надежда Александровна – КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, 19 жыл мектеп басшысы қызметін атқарды (1967-1986ж.ж.). Надежда Александровна білім беру жүйесінде тынымсыз жұмыс істей отырып, кадр мәселесі, оқу мен тәрбие беру сапасын көтеруде ерең еңбек етті. Яғни осы кезден бастап болашақ мектептің негізгі іргетасы – педагогикалық ұжымның негізі қаланды. Мектептің жүрегі- ұстаздар қауымы, оқушылармен бірлесе жұмыс істеп, мектеп алаңының көгалдандыруына ат салысты.

 

1986-2001 жыл аралығында мектеп директоры Оноприенко Людмила Алексеевна- халық ағарту ісінің үздігі. Бұл уақыт барысында бірнеше эксперимент жүргізілді: екінші шет тілін оқыту, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту, жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытылатын пәндер 7-сыныптан басталды.

1991ж. №97 жалпы орта мектебі, бес жылдық эксперименттік тексеруден өтіп, мектеп-гимназия болып қайта құрылды. Осы кезеңде шет тілдерін оқыту бойынша шарттар жасалды.

1991ж. – Франция Елшілігімен Қарағанды қаласында француз тілін үйрету бойынша  пилоттық мектеп құру туралы келісім-шарт жасалды.

1994 ж. –"Возрождение" неміс білім беру орталығымен  мәдени және тілдік өзара іс-әрекет бойынша шарт жасалды.

2001 жылдан бастап №97 мектеп – гимназия директоры болып Нығметжанова Гульмира Серкановна тағайындалды. 2001-2016 жыл аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Педагогикалық ұжымның стратегиясы мен тактикасын  анықтауға,  педагогикалық шығармашылығын қалыптастыруға, оқытудың әдістерін, тиімділігін арттыру және оқу-тәрбие процесінің сапасын, материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп уақыт пен күшін бөлді. Гимназия әкімшілігі директордың басшылығымен кадрларды іріктеуде тынымсыз еңбектенді, бұл ауызбірлікте бірлесе тіл табыса алатын талантты ұстаздарды бір ұжымға жинай отыра, мектеп дәстүрін жалғастырып, гимназияның өсіп-өнуіне,  жетістікке жетуіне өз ықпалын тигізді. Гимназия оқушылары - пәндік олимпиада, ғылыми – практикалық конференцияларға, шығармашылық және зерттеушілік байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

2001-2002жж. мектеп-гимназия гимназия статусын алды.

2002-2003жж. Гимназия «Қазақстанның білім беру көшбасшысы» фотокітабына енді.

2003-2004жж. ҰБТ орташа баллы-77,03, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі - 4 орын.

2004-2005жж. ҰБТ орташа баллы-86,8, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 3 орын. Гимназия базасында Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ- дің шығыс және еуропа тілдері кафедрасының филиалы құрылды.

2005-2006жж. ҰБТ орташа баллы-88,38, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 3 орын. «Білім ұясы» ІІ Республикалық байқауда 1орын.

2006-2007жж. ҰБТ орташа баллы-89,1, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 2 орын. «Мен –азаматпын» жобалар байқауында – бас жүлде.

2007-2008жж. ҰБТ орташа баллы-94,4, гимназия  ҚЭУ базасында  облыстық 10-11 сыныптарды қашықтықтан оқыту экспериментіне кірді. «Мен –азаматпын» жобалар байқауында – бас жүлде.

2008-2009жж. ҰБТ орташа баллы-99,4, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 2 орын. «Мен –азаматпын» жобалар байқауында – бас жүлде.

2009-2010жж. ҰБТ орташа баллы-104,3, қала бойынша 1орын, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 1 орын.

2010-2011жж. ҰБТ орташа баллы-101,2, қала бойынша 2 орын, қала бойынша 1-4 сыныптарда ағылшын және француз тілін оқыту эксперименті басталды. "Мектеп-шағын өмір" видеоролик байқауында бас жүлде.

2011-2012жж. ҰБТ орташа баллы-96,4, қала бойынша 3 орын, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 1 орын.  «Қала-ауыл» бағдарламасын іске асыру бойынша экспермимент алаңы болды. Облыстық әндерді сахналау фестивалі – 2 орын, "Мектеп-шағын өмір" видеоролик байқауында бас жүлде, «Мен –азаматпын» жобалар байқауында – 1 орын.

2012-2013жж. ҰБТ орташа баллы-100,3, қала бойынша 4 орын, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 1 орын.  «Жыл оқушысы» байқауы – бас жүлде 11 сынып Стешкова Алина. Ағылшын тілінен облыстық фестиваль – 2 орын, "Мектеп-шағын өмір" видеоролик байқауында бас жүлде.

2013-2014жж. ҰБТ орташа баллы-97,8, қала бойынша 3 орын, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 2 орын.  «Жыл оқушысы» байқауы – 1орын. "Мектеп-шағын өмір" видеоролик байқауында бас жүлде.

2014-2015жж. ҰБТ орташа баллы-100,1, қала бойынша 2 орын, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 2 орын.  «Жыл оқушысы» байқауы – бас жүлде 11 сынып - Жорова Анна, 9 сынып - Козырев Владислав.

2015-2016жж. ҰБТ қала бойынша 1 орын, Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі – 2 орын.

Гимназия «Инициатива» Халықаралық ұйымының, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ- дің ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі.

     2016 жылдың қыркүйек айынан гимназия директоры Невиннова Елена Анатольевна.

     Оның және гимназия педагогикалық ұжымының алдында зор мiндеттер тұр. Басты бағдар жаңа формациялы педагог пен бәсекеге қабiлеттi оқушының дамуы үшiн сапалы жаңа бiлiм беретiн кеңiстiк құру және жағдай жасау.

      2016-2017-Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 3 орын, қалалық байқау «Жыл оқушысы» - 3 орын, 7 сынып оқушысы - Финонченко Марина

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда108
  • Осы аптада26
  • Кеше4
  • Бүгін2
  • Желіде:1

Полезные ссылки